АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1873-1938)
Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері,
ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.
1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.
Әділетсіз орыс оязының
зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш
жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
1886-1891 жылдары Торғай қаласындагы екі сыныптық мектепте, 1891-1895
жылдары Орынбордагы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.
1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1905
жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат
жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары
абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер
аударылады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін,
қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал"
жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген "Маса"
жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа
жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге
"Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына
жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге
жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен
бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов
Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби
комиссияның төрағасы болып сайланады.
Орынбор, Ташкент,
Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді.
Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі
рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.
* * *
Алаштың
көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы
(қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы
ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы
Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған.
1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен
училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға
қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады.
Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады. |
|
Ақын iнiме |
Өлеңді жазған: Ахмет Байтұрсынұлы |
2006-02-05 |
Аз сөзге құлағың сал, ақын
iнiм! |
Жұртыма |
Өлеңді жазған: Ахмет Байтұрсынұлы |
2006-02-05
|
Бiрлiк қып iс етуге шорқақ,
жұртым, |